25 Қаң 2024
Бір тұтас тәрбие бағдарламасы

Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар:

1-қыркүйек күні  «Мектебім-мейірім  мекені» салтанатты жиыны өтті. 

1 қыркүйек - «Білім күніне» арналған  мектепішілік салтанатты жиын,  сондай-ақ сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары аясында педагогтерге білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашу.

5 қыркүйек күніне орай мектебімізде «Тіл – білімінің бастауы» салтанатты іс –шарасы ұйымдастырылып өткізілді.
 Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекттік Ахмет Байтұрсынұлы-Ұлт ұстазы» тақырыбында ұлы ұстаздың өнегелі өміріне бенейроликтер көрсету, құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.

«Баланың басты ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

11-15.09.2023ж күндері аралығында «Отбасы күні» мерекесіне орай іс-шаралар өтті.  Өткізілген сынып сағаттары, сурет конкурсы, фотокөрме, челлендж, бейнероликтер, бейне сауалнама  мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

«Гимн»  орындау  челленджі

Әнұран – мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.

ТАБББ-нің №653 бұйрығы негізінде 26.09-05.10.2023ж күндері аралығында «Мұғалім  күні» мерекесіне орай іс-шаралар өтті.  Өткізілген сынып сағаттары, құттықтау топтамалары, мерекелік күн, күзгі гүл шоқтары фестивалі, дублерлер күні, челлендж, эссе байқауы сияқты шаралар мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды.

Мақсаты: білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету. «Ұстазыма мың алғыс» құттықтау топтамасы, «Ұстазыма мың алғыс» челлендж, «Ұстазыма күзгі гүл шоқтары» көрме, 5-10 сыныптарда сынып сағаттары, Дублер күні өткізілді.

     Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі 2023 жылы 25 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қамықпайтын еңбекке құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең азаматтарды тәрбиелеу. Ұйымға қабылданған әр оқушы өзіне жүктеліп отырған міндеттерді өзін-өзі тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, өз бетімен білімін толықтыруға, Тәуелсіз еліміздің Рәміздерін құрметтеп, Отанымыздың нағыз патриоты болу керек екенін сезінеді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар