07 Қырқ 2024
Жаңалықтар

Хабарландыру!

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша "Қ. Билялов атындағы мектеп - лицейі" КММ сі Қазақстан Республикасы «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес барлық білім беру ұйымында қамқоршылық кеңесінің құрамынан белгілі себептермен шығып кеткен мүшелерінің орнын қайта жаңа мүшелермен толықтырылатынын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 06-13 қыркүйек аралығында тиісті білім беру ұйымдарына өтініш тапсыруы тиіс.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді. 

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

Білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;

Сол білім беру ұйымы қызметкерлері;

Психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.

Ескерту: Қамқоршылық кеңеске мүше болу үшін өтініштер жергілікті «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі»КММ өткізіледі.

Мекен-жайы: Ақжар ауылы, Қабанбай көшесі 32

Пайдалы ақпараттық ресурстар