08 Қаң 2021
Страницы КГУ "Школа-лицей имени К.Билялова"

Мектеп туралы

«Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ

2020-2021 оқу жылы

 

Мектептің мекен жайы: ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы

Мектептің ашылған жылы: 1995ж.

 

Мектептің салынған жылы: 1989ж.

Мектептің сыйымдылығы: 320

 

Байланыс телефоны: 8(72344) 20-010

 

Мектептің    e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Мектептің қысқаша тарихы

 

Тарбағатай ауданы әкімінің 1995 жылдың 14 маусымындағы №143 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дарынды балаларға арналған гимназия-интернаты құрылды.

 Осы өңірдегі барлық ауылдардан оқушылар өз қалауымен гимназияға түсу үшін емтихан тапсырды. Емтиханды жақсы тапсырған 280-оқушы, гимназияның 5-9-сыныптарына қабылданды, барлығы 10-сынып оқушысын құрады. Гимназия оқушылары гуманитарлық пәннен қазақ тілі мен әдебиетінен, политехникалық пәнен математика пәнін тереңдетіп оқылатын сыныптарға бөлінді. Сол жылы гимназияға мұғалімдікке конкурстық негізде жоғары санатты мұғалімдер аудандық білім беру бөлімі іріктеп жіберді.

Гимназия директоры болып Шомбин Уалбек Смағзамұлы тағайындалды. Мұғалімдер құрамында Исбаева Жаңылхан, Билялова Галя, Қалқанова Қапима, Зейнелсадықова Кулзия, Сепаев Мурат, Ақашев Егінбай,  Мұқашева Кәмеш, Абылғазина Гүлнар, Қуанышева Әлия, Шаянбаева Жаңагүл сияқты мұғалімдер еңбек етті.

Тарбағатай ауданының әкімі Түсіпбеков Түсіпханға, аудандық мәслихат депутаттар жиналысының хатшысы Мухаметжанов Манарбекке ашық хат жолдап, гимназияға Қ.Биляловтың атын беруге ұсыныс жасады. Ұсыныс жасаған азаматтар:

17-тамыз 1995 жыл

Түсіпов Мухамедқұнафия – физика-математика ғылымдарының докторы, математика ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі.

Нуразханов Шайкен – Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қорғау басқармасының бірінші орынбасары.

Түсіпов Рамазан – Тарбағатай ассоциациясының төрағасы.

Абдрасылов Баяхмет – облыстық полиграфия бірлестігінің бірінші орынбасары.

Сағымбаев Жұмаш – Зыряндағы мектеп-лицейдің оқытушысы, запастағы полковник.

Екі дүркін ашық хат жаза отырып, Қ.Биляловтың Тарбағатай өңіріндегі мұғалімдік еңбегі қызметін, халық алдындағы абыройын құрметтей келіп, гимназияға лайықты есім екенін көрсеткен еді.

Осы ұсыныс негізінде Тарбағатай ауданы әкімінің 1995 жылғы 16 қарашадағы №71 қаулысымен, 1996 жылы 5 мамырында Қ.Билялов туғанына 80 жыл толу мерейтойы күні, гимназия-интернатына Қыдырбек Биляловтың аты берілді. Оқу орнын әр жылдары ауданда беделі бар ұйымдастырушы педагогтар басқарды:

  1. 1995-1998 жылдары Шомбин Уәлбек Смағзамұлы, физика-математика пәндерінің мұғалімі;
  2. 1998-2000 жылдары Масалов Әнуарбек Мәселұлы, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» иегері;
  3. 2000-2002 жылдары Марданов Слямбек Чкейұлы, тарих пәнінің мұғалімі;
  4. 2002-2016 жылдары Сағатбеков Мұратхан Сағатбекұлы, математика пәнінің мұғалімі, «ҚР Конституциясына-20 жыл» медалінің және «Еңбек ардагері» медалінің, ҚР Білім және ғылым министірінің «Алғыс хаты» және «Құрмет грамоталарының» иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.
  5. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Ислямов Қайрат Аманбекұлы, тарих пәнінің мұғалімі.

2019-2020 оқу жылынан Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі деген статусқа ие болды.

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар