18 Қаз 2022
Жаңалықтар

Қарты бар үйдің қазынасы бар

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей біздің үлгілі отбасымыздың бәйтерегі, данасы, ақылгөй қариясы Көңілбаев Әділхан Көңілбайұлы. 1929 жылы «Терісайрық» өзенінің бойында дүниеге келген. Атамыз Көңілбай Қараша – Бұрымбетке үш жыл діни мүфти болып қызмет жасаған. Содан, атамыз Көңілбай Кеңес үкіметі кезінде жалған жаламен 1932 жылы түрмеге қамалып, кейін Қарағандыға жер аударылады. 1932 жылдың соңында артында қалған отбасы қыспақ көріп, апамыз төрт баламен Қытай жеріне өтіп кеткен. Атамыз жастайынан жұмыстан қалмай6 жат жерде талмай еңбек етіп, елдің малын бағып, егінін егіп шөбін суарған. 1948 жылдың қазан айында кәмелеттік жасқа толысымен Шығыс Түркістан үкіметінің әскеріне алынды. Әскерде үздік болғаны үшін бөлім басшылары атамызды қысқа мерзімді курсқа жіберген екен. 1949 жылдың қаңтар айында әскери қызметі үшін взвод командирі болып сайланып, кейін капитан шеніне көтерілген. Атамыз осы жылдары «Дүрбүлжің» ауданына қоныс аударып, екі жыл аудандық партия комитетнің үгіт бөлімінде қызмет жасайды. 1958 жылдан 1962 жылға дейін ауданның ірі мал шаруашылық фермасына басшы болып сайланды.1958 жылы апамызбен отбасын құрды. Кейін заман өзгергенде 1962 жылдың соңында Кеңес азаматтығын алып, 33 жасында ата-қоныс туған жерінде  оралды. Елге  келгеннен кейін  ауыл шаруашылығымен айналысып, қой бақты. Өмірдің барлық ауыртпалығын көре жүріп, еңбек етіп, ұрпағын өсіріп, жеткізді. Еңбегі еш кетпей. 1990 жылы зейнеткерлікке шықты. Қазір атамыз елге силы, қадірлі, ұрпағына дұрыс бағыт бағдар беріп отырған ақылшымыз. Апамыз екеуі отбасылардың  ұйытқысы деп білеміз. Атамыз шешендігін, сөз тапқырлығын, шежіресін мақтан етеміз. Атамыздың ақындығы да бар. Атамызбен апамыздың 8-балалары,25-немересі,20 шөбересі бар. Осындай үлгілі отбасыны біз мақтан етеміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар