25 Қаң 2024
Бір тұтас тәрбие бағдарламасы

Талап құндылығы

Талап құндылығы:

АБББ 15.09.2023ж №605 бұйрығы негізінде 18-22.09.2023ж күндері аралығында «Еңбек күні» мерекесіне орай іс-шаралар өтті.  Өткізілген сынып сағаттары, сурет көрмесі, челлендж, эссе байқауы мектептің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. «Менің жетістігім-менің нәтижем» 7-8 сыныптарда сынып сағаты,  «Менің болашақ мамандығым» эссе, «Еңбек галериясы» сурет көрмесі, «Еңбек күні» челлендж

Мектеп пен ата-аналардың , балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі тиімді өзара  іс-қимылы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, педагогикалық мәдениетті дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету үшін ата-аналардың психологиялық- педагогикалық және әлеуметтік құзіреттерін ұйымдастыру мақсатында «Ата-аналардың педагогикалық қолдау» орталығы  құрылды.

ААПҚО жұмыс тобының құрамын айқындай отырып, мектеп бойынша бұйрық негізінде және «Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау жөніндегі басшылық» МҚЗЖ ҰТК әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып құрылды. ААПҚО бірінші отырысы өткізілді, онда сабақтардың әдістемелік тәсілдері мазмұны ұлттық мүделері түсіндірілді.

Төрт тоқсан- төрт өнер» жобасының негізінде 1 тоқсан  - Ақындар айтысы сайысын өткізу үшін қазақ тілі, тарих пән бірлестігімен бірлесіп іс-шаралар жоспары жасалынып, жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде 1 тоқсанның соңында Ақындар айтысы өткізілді. Айтысқа төрт жұп қатысты.

 «Сөз зергері-өрнектеген өмірді» эссе, Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы  дөңгелек үстел, «Мәңгілік ел  және ұлы дала құндылықтары»дөңгелек стол, «Ер есімі ел есінде сынып сағаты, «Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы» дебат ойындары өткізілді. Ұлттық киім күні. «Ұлттық киімді ұлықтау –Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ ұлттық киімдерінде қаншама жылдардың жетістіктері мен негізгі прициптері жинақталған

Қыркүйек айының жоспарына орай 5-10 сынып оқушыларымен  кәмелетке толмағандардың   жасөспірімдер арасындағы  кәмелетке толмағандардың  құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында АПБ бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Тарбағатай АПБ ЖПҚБ КТІБИ УПИ полиция капитаны Нургул Зейнелбекқызы кәмелетке жасы толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме беріп өтті.

«ТОҒЫЗ АЙҒА  9 ІС-ШАРА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

ҚЫРКҮЙЕК: СЕРГІТУ СӘТІ

Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау

Міндеті: физикалық, психологиялық стресті төмендетуге ықпал ету

оқу іс-әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділікті арттыруға ықпал ету

балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс қабілеттілігін арттыруға ықпал ету. Өткізілетін күні: 08.09.2023 ж.

Сергіту сәті ЧЕЛЛЕНДЖІ – салауатты өмір салтын насихаттау

Дебат клубы “Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті” Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сыбайлас жемқорлық ұғымын және осы құбылысқа қарсы күрестің негізгі бағыттарын оқушылар арасында талқылау. Оқушылардың аса күтетін мерекесі  - «Күзгі балл - 2023» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс жоғары дәрежеде өтті.

Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру мақсатында 5-10 сынып аралығында «Денсаулық-зор байлық!» атты тақырыпта денсаулық күні өткізілді

25 қазан - Республика күніне орай «Қыран елім-Қазақстаным!» патриоттық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес, мектеп ауласында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясы шарасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Мақсаты: «Табиғат» құндылықтары және «табиғатқа қамқорлық» адами қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. Тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Республикалық бірыңғай «Жас ұлан»  ұйымына қабылдау салтанатты рәсімі 2023 жылы 25 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шара мақсаты: Еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қамықпайтын еңбекке құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін, рухани дүниесі кең азаматтарды тәрбиелеу. Ұйымға қабылданған әр оқушы өзіне жүктеліп отырған міндеттерді өзін-өзі тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, өз бетімен білімін толықтыруға, Тәуелсіз еліміздің Рәміздерін құрметтеп, Отанымыздың нағыз патриоты болу керек екенін сезінеді.

 Оқушылардың аса күтетін мерекесі - «Күзгі балл - 2023» сайысы ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс жоғары дәрежеде өтті. Сайысқа 5-7 сыныптардан  127  оқушы, 8-10 сынытардан  158 оқушы қатысты.

20 қараша күні «Еркін тыныс ал» атты жалпы республикалық флешмоб ұйымдастырылды.  Флешмоб мақсаты: балалардың салауатты өмір  салтына деген ұмтылысы қолдау, вейпинигтің зияны, оның ағзаға тигізетін кері әсері, адамның жалпы хал-жайына, көңіл-күйіне және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабардарлық деңгейін арттыру. Флешмобқа   10 сыныптардан 33 оқушы қатысты.

26 желтоқсан, 2023 жылы  Қ. Билялов атындағы мектеп-лицейінде «Жаңа жыл – Тарбағатай төрінде» атты Тарбағатай аудан әкімінің жасыл шырша мерекесі ұйымдастырылып  өтті. Мерекеге 109 оқушы қатысты.

27 желтоқсан, 2023 жылы 5-8 сыныптардың жасыл шыршасы, 9-11 сыныптардың  жаңа жылдық  кеші ұйымдастырылды. Жаңа жылдық мерекеге жиыны 279 оқушы қатысты

ДТІЖО:Б.Бөкенов

Пайдалы ақпараттық ресурстар